02 Шілде, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №472

371 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 23 маусым, Астана, Үкімет Үйі «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №69-70, 636-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында: «2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері» деген бөлімде: 1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын; 4-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, ақауы бар көлік құралын, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқаруға;»; 6) тармақша алып тасталсын; «12. Аялдау және тоқтап тұру» деген бөлімнің 5-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын; «21. Жүргізіп үйрену» деген бөлімнің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Үйретушінің өзімен бірге тиісті біліктілік куәлігі, ол үйретуді жүргізетін сол санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі, ал үйренушінің – жеке басын куәландыратын құжаты және көлік құралын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болады.»; «22. Жолаушыларды тасымалдау» деген бөлімнің 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жүргізуші жолаушыларды отырғызуды және түсіруді осы Қағидалардың 12-бөлімінде белгіленген көлік құралдарын тоқтатуға тыйым салынбаған жерлерде көлік құралы толық тоқтағаннан кейін ғана жүзеге асыруға, ал жүруді есіктер жабылғанда бастауға және оларды толық тоқтағанға дейін ашпауға міндетті. Маршруттық көлік құралының жүргізушісі жолаушыларды отырғызуды және түсіруді белгіленген аялдама пункттерінде ғана жүзеге асырады.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерде: 5-тармақтың бірінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 14-тармақта: 2) тармақша алып тасталсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындагы көлік құралдарын қоспағанда, міндетті техникалық қарап- тексеруден өтпеген;»; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесінде: мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын: «10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаменті.»; ескертпенің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік күзет қызметінің, ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі істер органдарының жедел қызметтерінің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар департаментінің көлік құралдарында арнайы түсті-графикалық бояулар, таным белгілері мен жазулары болмауы да мүмкін.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.